Осы аптада елордалық көпбалалы және жалғызбасты әке – Қалмұрат Сейітақпаров пен қалалық әкімдіктің арасында ойда-жоқта дау-дамай шықты. Астана әкімдігі: «Қ.Сейітақбаровтың жұбайы күйеуі мен балаларын жайдан-жай тастап кеткен жоқ. Ол әйел қатты соққыға жығылып, үйінен қуылған», – деген ақпар таратты.
Әруақтар әлемі
Күн сейсенбі. Көкбазардың жанынан жүретін сары автобусқа отырдым. Бағытым – Кеңсай зираты. 60-нөмірлі автобус асықпайды екен. Әбу Сәрсенбаев көшесінен түсіріп кетті. Алдымда екі айырылған жол. Оң жақтағысымен жүрсең 1-Кеңсайға кіресің. Сол жақтағы жол 2-Кеңсайға апарады. Солай қарай беттедім...
Қазақ баянсыз ғұмырды «ит өмір» деп сөгетін. Сөйтсек, қала итінің өмірі өмір екен. Тамағы тоқ, уайымы жоқ... Бұған ит баққан бір күнімізде көз жеткізіп қайттық.
Қысқы сессияны аяқтап, демалысқа шықтық. Ақылы бөлімде оқитындықтан, демалыста жұмыс істегім келді. Жұмыс іздеп Алматының кафе-мейрамханаларын араладым. Табаным тозып бармаған жерім қалмады. Сонда байқағаным, қаладағы керемет мейрамханалардың қожайындары әзірбайжан, түрік, кәріс пен ұйғыр ұлтының өкілдері екен. Ал қазақтар бірен-саран ғана. Әзер дегенде жұмыс та табылды-ау. Райымбек батыр көшесінің бойындағы «Алтын айдаһар» атты қытай мейрамханасына даяшы болып қабылдандым.
Әне-міне дегенше, ұлан-байтақ далаға үлгілі ұлу жылы жылжып жетті. Десе де, ұлуды ұнатпай, жаңа жыл атауын айдаһар деп алаулатқандар бар. Айдаһар дегеннен шығады, мереке қарсаңында мектепте оқитын бір бауырым «айдаһар жайлы өлең жазып берсеңіз» деп өтінді.
Алматының Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысында қарттар үйі бар. Сол жерге жолымыз түсті. Қазыналы қариялардың баспанасына бас сұға бергенде, бейтаныс көрініске куә болдық. Орта жастан асқан азамат тоқсанға таяған анасын көлігінен түсірді.
Қоғамда болып жатқан кейбір жағдайларға қарап: «Бұл заман «аузына әлі жетпегеннің, қолында шоқпары бардың» кейіпін киіп бара жатыр ма?» – деген ойға қаласың.
«Роллтон ала келші…» Бөлмелес құрбымнан келген SMS-ті оқи сала, жол жиегіндегі дүкенге бұрылдым. Әдеттегідей ығы–жығы студенттер. Кезекке тұрдым. «Екі роллтон беріңізші…» Алдымдағы қыздың «тапсырысын» орындап біткен соң, сатушы апай маған иек қақты. «Маған үшеу…», «Бақандай» 105 теңгені алақанына салдым да, «азық-түлігімді» көтеріп, жатақханаға беттедім…
Алматының «Саяхат» автобекеті таңның атысы күннің батысы тыныштық таппайды. Азан-қазан, ығы-жығы халық. Әйтеуір, тіршіліктің тамырына қан жүгіріп жатқаны бірден көзге ұрады. Қоғамдық көлікті күтіп тұрғандар да, жаяу жүргіншілер де бір көріністің куәсі болады. Ол – жүйткітіп келген автобусты «күтіп алып», кәдімгі әскерилерше есеп беретін жігіттердің жұмысы.
Жедел жәрдем қызметі ақылы болады дегенді естігелі Дәметкен апайдың көңіл-күйі жоқ. Жетпістің жетеуіне келген қария жиі сырқаттанады. Әсіресе, қан қысымы, Алматының ауа райы сияқты сан құбылатыны бар.

Анадолыда жауған қазақтың алтыны
Ақша құтыртқан қазақ Ыстамбұлда сайран салады. Спандияр Көбейдің Итбайына бер...
Құйрығы – сізден, ақшасы – бізден
Атам заманғы үндістер өлтірген жауының бас терісін кесіп алған. Сол арқылы жа...
«Happy birthday, Арақ!»
Иә, шалыс естіген жоқсыздар. Павлодар қаласында тұңғыш рет орыс арағыны...Әкімдерді халық сайламай, халықтың...
«Ақ жол» партиясынан ҚР Парламентi Мәжілісi депутаттығына кандидат, «Жас қаз...