23 Ақпан 2012 | Четверг

Дәулет

17.02.2012 Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі
Техникалық тексеру: жаңа жүйе жайлы ма, әлде МАИ-ға қайта ма?

Көлік және коммуникация вице-министрі Асыл­бек Дүйсенбаевтың айтуынша, жыл басынан күні кешеге дейін елдегі техникалық тексеруден өткізетін 50 орталық 10 мың мәшинені қабылдаған. Түрлі техникалық ақауға байланысты оның әрбір үшіншісі алғашқы тексеруден өте алмаған.

10.02.2012 Гүлзат Нұрмолдақызы
«Қытай болмаса, ішкиімсіз қаламыз»

Экономиканың жеңіл өнеркәсіп саласы қай қоғамда болсын үлкен әлеуметтік маңызға ие болған. Өкінішке қарай, елде, қазіргі таңда бұл саланың бағы жанбай тұр. Жеңіл өнеркәсіптің ауыр, күрделі түйткілдері шаш-етектен екенін бәріміз де білеміз. Бұл саланың бүгінгі ахуалы қалай? Болашағынан үміт күтуге бола ма? Осы сауалдарға жауап іздеу ниетімен «Жас қазақтың» тілшісі Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худоваға жолығып, әңгімелескен еді.

27.01.2012 Гүлзат Нұрмолдақызы
«Сауда миссиясы»

Жуырда Қазақстанның «Қазпоштасы» мен Ресейдің Ұлттық қашықтық сауда қауымдастығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Сауда миссиясы» атты халықаралық конференция болып өтті. Шара барысында электронды сауда, оны дамытудың жолдары мен мүмкіндіктері, инновациялық шешімдер, ғаламтор жарнамаларының трендтері т.б мәселелер талқыға салынды.

20.01.2012 Олег Егоров
Мұнайгаз жәнемемлекеттік мүдде

Соңғы жылдардағы мұнайгаз саласындағы жақсы нәтиже-көрсеткіштерге қарамастан, осы салада шикізат өндіруде мемлекеттің үлесі небәрі 27 пайыз ғана екенін айтпай кетуге болмайды. Өндірілген мұнайдың қалған мөлшері шетелдік компаниялардың үлесінде. Шикі мұнай бірнеше бағыт бойынша экспортталады. Осының өзі отандық қайта өңдеу шаруашылығында түйінді түйткіл тудырады.

13.01.2012 Гүлзат Нұрмолдақызы
Соғым сағымға айналды

Ашығын айтайық, биыл соғымды қолы жеткендер жеп жатыр. Табысы тәуір қалалықтар, сосын ауылда  әке-шешесінде азын-аулақ малы барлардың аузы аздап майланды. Ал айлығы шайлығына жетпейтіндер етті енді түсінде көретін болды.

06.01.2012 Төлен Тілеубай
«Үкімет пен Парламентте тек ірі бизнестің лоббистері»

– Біздің Үкіметте, Парламентте тек ірі бизнестің мүддесін қорғайтын лоббистер отыр.  тек ірі бизнестің мүддесін қорғайтын лоббистер отыр. Мысалы, Ромин Мадинов сияқтылар қарапайым фермердің жағдайын емес, өз мүддесін ойлап, заңдарды да соған лайықтап шығарады.

23.12.2011 Гүлзат Нұрмолдақызы
2015 жылға дейін бензин тапшылығы байқалады

Қоян жылы аяқталып келеді. Еліміздің әлеуметтік-экономикасы аясында қол жеткен жетістіктермен бірге, кемшін түскен тұстарымыз да жетіп-артылады. Ел Үкіметі ірілі-ұсақты бірнеше бағдарламаны жүзеге асырып жатыр. Қоғамның  одан күтетіні көп. Әйтсе де, әлемді «дағдарыс елесі» кезіп жүргені айқын.

25.11.2011 Гүлзат Нұрмолдақызы
«Қоғам индустриалды мәдениетті жоғалтып алды»

Биыл бұйырса, үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның екі жылы артта қалмақ. Осы екі жылда біз не тындырдық, қандай кемшілік жібердік, неден үміттіміз? Бұл бағдарламаның ел экономикасына, әлеуметтік өміріне ықпалы қалай болмақ? Осы және өзге де сауал, мәселе-түйткіл жөнінде бүгін «Жас қазақ» сарапшы-ғалымдармен ой бөліседі. Басылым қонақтары – «ҚазАгроИнновация» АҚ жанындағы  А.Бараев атындағы астық ғылыми-өндірістік орталығының аға ғылыми қызметкері, академик Мехлис Сүлейменов, Энергетикалық зерттеулер институтының ғылыми жетекшісі, Мемлекеттік сыйлық иегері  Бірлесбек Әлияров және экономика ғылымының докторы Фарида Әлжанова.

18.11.2011 Гүлзат Нұрмолдақызы
Түркіменнің газына үміттенеміз

Жасыратыны жоқ, біз өзбек газына тәуелдіміз. Қыс қалай түседі, көршіміз солай құбырдың «құлағын» бұрайды. Бұл жағдай жылда қайталанады. Биыл да осылай болды. Өткен аптада өзбектер оңтүстік өңірге келетін газ мөлшерін азайтты.

31.10.2011 Олег Егоров, Ольга Чигаркина
Терең өңдеуге тер төгіп, тауар шығарайық!

Таяу жылдарда ел экономикасындағы тұрақты даму түрлі саладағы өсімге және бәрінен бұрын минералды-шикізат саласына иек артуы тиіс. Біздіңше, әрі басымды, әрі табысты сала ретінде мұнай мен газ өндірісі қала береді. Бүгіндері елімізде 5,7 млрд тонна пайдалы мұнай қоры бар екенін әрі 200-ден аса сутекті кен орындары барланғанын айта кеткен орынды. Бұл көрсеткіш әлемнің мұнай өндіруші елдері арасында алғашқы ондыққа кіретінімізді көрсетеді.