Иранға қарсы әскери операция жасалады деп болжаған саясаттанушылардың пікірі шындыққа бір табан жақындағандай. Өйткені, Израиль басылымдары таратқан ақпараттарға сенсек, АҚШ пен оның одақтастары әскерін Таяу Шығысқа қарай төгіп жатыр. Олар Ормуз шығанағына жақын жердегі Оманның Масир түбегіне келген.
Франция Сенаты «армян геноцидін» жоққа шығарушыларды жазалау туралы даулы заңды мақұлдады. Бұл заң күшіне енетін болса, бұдан былай Францияда «армян геноцидін» жоққа шығарушылар бір жылға бас бостандығынан айырылып, 45 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болмақ. Бір қызығы, бұдан бір апта бұрын Францияның заң жөніндегі сенат комиссиясы оны «конституцияға қайшы келеді» деп кері қайтарған болатын.
Жыл сайын АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті өзге елдердегі адам құқығы туралы баяндама жариялайды. Американдықтар болса, өз мемлекетін «еркін елдердің» санатына жатқызуға лайықты екеніне кәміл сенеді. Алайда еліміздің (АҚШ-тың – ред) заңдары мен дәстүрлері бұл сенімге үлкен селкеу түсіреді.
«Жапалақ қар революциясынан» кейін орыстар қысқы ұйқыға кетті. Шерулер, ұрандар аяқталды. Сауық-сайран орындары да, қарғыс алаңдары да жым-жырт. Жыл сайын қаңтар айының 1-нен 15-іне дейін бүкіл ел өмірі баяулап, бір мерекеден кейін екінші мереке тойланып жатыр. Жаңа жылды 1 қаңтарда батысша тойлаған соң орыстар 7 қаңтарда өтетін православ жаңа жылына дайындалады. Сосын, 13-інен 14-іне қараған түні юлий календары бойынша «ескі жаңа жылды» тойлауға да әманда әзір.
Путин ашса алақанына, жұмса жұдырығына сиятын Еуразиялық Одақты армандайды
Үндістан – өзге бір әлем. Ағаштары да, шөбі де, тасы да басқа. Мұндағыдай далалар мен қалаларды өзге елден көру қиын. Бұған әлем жұртшылығын таңғалдырған Тәж Махалды, Джайпурды, Делидің көне мешіттері мен ғибадатханаларын қосыңыз. Сондықтан да болар, әлемнің түкпір-түкпірінен ағылып келген туристер көп. Үндістанда туризм жақсы дамыған. Айта кету керек, «Эйр Астана» компаниясы қазір еліміз бен үнді жұртын жалғап жатқан бірден-бір көпір болып тұр.
Мәскеуде Сахаров даңғылындағы «Әділ сайлау үшін!» шеруіне бұрынғыдан көп адам жиналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Каланчевкадан басталған даңғарадай даңғылда 120 мыңнан астам адам жиналыпты.
Қайсыбір жылдары Солтүстік Кореяда алапат су тасқыны жүріп өтті. Бір елді мекендегі үйді долы су шайып, тұрғындары тасқынмен ағып кете барады. Кенет, үй иесі жанынан ағып бара жатқан жөргектегі ұлын көріп қалып, баласына ұмтылады. Әне-міне жетем дегенде, жанынан ағып бара жатқан «күн көсем» – Ким Чен Ирдің портретін көзі шалып қалады.
«Үндістан – жағымсыздау жер. Халқы сымбатсыз, сый-құрмет, қарым-қатынас жасаудан хабарсыз. Асқан дарындылық, зеректілік, әдептілік дарқандылық жоқ. Олардың кәсібінде ісінде тәртіп те, жоспар да жоқ; өлшем жіп, бұрыштама деген оларға белгісіз заттар. Үндістанда жақсы су да, жақсы ет те, жүзім де, қауын да, жемістің жақсы түрлері де, мұз да, салқын су да, базарларында жақсы, дәмді тағам да, жақсы нан да жоқ. Монша мен медресе де, шырақ та, шырағдан да жоқ.
Атақты кобзарь – Тарас Шевченконың елінен дәм бұйырды. Киевке аяқ басқанда жергілікті халықтың өз ана тіліне ерекше құрметі көзге тосын көрінді. Тіпті халық қаланың қақпасы саналатын әуежайда-ақ тек туған тілінде сөйлеп жүр. Әбден санамызға сіңіп қалған орыс тілі, расында, естілмейді. Кеңестік бір шапанның астынан шыққан Қазақстан мен Украинадағы тілдік ахуал – аспан мен жердей екен!

Анадолыда жауған қазақтың алтыны
Ақша құтыртқан қазақ Ыстамбұлда сайран салады. Спандияр Көбейдің Итбайына бер...
Құйрығы – сізден, ақшасы – бізден
Атам заманғы үндістер өлтірген жауының бас терісін кесіп алған. Сол арқылы жа...
«Happy birthday, Арақ!»
Иә, шалыс естіген жоқсыздар. Павлодар қаласында тұңғыш рет орыс арағыны...Әкімдерді халық сайламай, халықтың...
«Ақ жол» партиясынан ҚР Парламентi Мәжілісi депутаттығына кандидат, «Жас қаз...