23 Ақпан 2012 | Четверг

Апта-ақпар

27.01.2012 Елдос Өмірзақ
Әулие деп жүрсек, әкім екен...

Бұрынғы әкім, қазіргі сенатор Сергей Кулагин парламенттен  бұрын шіркеудің төрінен орын тауыпты. Иисус Христосты қарсы алып жатқан Иерусалим тұрғындарының ортасында Сергей Кулагинге ұқсайтын бейне осы аптада ғаламторда лезде тарады.

15.12.2011 Төлен ТІЛЕУБАЙ
Мемлекеттің мерейі

Мемлекеттің мерейі

Түйсікпен түйіндесек, Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Отаны жоқ жан ғана мұны жақсы түсінеді. Еркін елдің туы көк аспанда желбірегеніне – 20 жыл.

02.12.2011 Нұрбол ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ
Армандаған Алматының метросы

Кеше Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі бірдей нысанның ашылу салтанатына қатысты. Бірі – күрделі жөндеуден өткен Республика Сарайының ашылу рәсімі болса, екіншісі – жұртшылықты көп күттірген Алматы метросының іске қосылуы. Метроның алғашқы жолаушысы болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл күннің еліміз үшін тарихи маңызы бар екенін баса атап көрсетті. Өйткені, мұндай нысан елімізде тұңғыш рет ашылды.

25.11.2011 Төлен ТІЛЕУБАЙ,
Ұшақты өзіміз де жасаймыз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Сапардың бірінші күні мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап салынған Қарағанды мен Теміртаудағы жаңа әлеуметтік нысандарды аралады.

18.11.2011 Төлен ТІЛЕУБАЙ
Мәжіліс таратылды...

Бұл аптаның айтулы жаңалығы – сәрсенбі күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен төртінші шақырылымдағы ел Парламентінің Мәжілісін таратты. Сөйтіп, Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс жаңа сайлауының мерзімі 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленді.

18.11.2011 Нұрбол Құдайбергенов
Жең ұшынан жалғасқан...

Білім министрлігі жоғары оқу орындарындағы жемқорлық бойынша көш бастап тұрған үш облысты атады. Бұл туралы 16 қарашада өткен министрліктің алқалы жиынында ведомстваның жауапты хатшысы Болат Әбдірәсілов мәлімдеді.

21.10.2011 Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ
Түркітілдес елдер тізе қосты

Кеше Алматыда Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) бірінші саммиті басталды. Халықаралық жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзірбайжан президенті Илһам Әлиев, Қырғызстан президенті Роза Отынбаева және Түркия премьер-министрінің орынбасары Бәкір Боздағ қатысты. Саммит аясында түркітілдес мемлекеттердің іскерлік кеңесі құрылды.

21.10.2011 Тоқтар Жақаш
Иір ағаш тезге салмай көнбейді

Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот ғимаратына бұл күні тексермей ешкімді кіргізбейді. Қалтаңызды, сөмкеңізді ақтарып-төңкеріп, күдікті затыңыз болмаса ғана ішке өтуіңізге болады. Ал сыртта қақпа мен есік алдында бақайшағына дейін мұздай қаруланған полиция қызметкерлері. Үстіне қара мантия киген сот қызметкері ішке кіруді күтіп тұрған тілшілерге арнайы бұрылып келді.

07.10.2011 Төлен Тілеубай
Индустриалдық өрлеу

Қазақстан индустриалдық даму бағытында адуынды мақсаттарды алдына қойып отыр, ал Литва кәсіпкерлері тек өз тәжірибесімен бөлісіп қоймай, Қазақстанның индустриалдық өрлеуіне қол ұшын созады, – деп мәлімдеді кеше Ақордада мемлекет басшысымен кездескен Литва президенті Даля Грибаускайте. Ал Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі мейманға Сталиндік зұлмат кезінде репрессияға ұшырап, қазақ жерінде сүйегі қалып қойған мыңдаған литвалықтар туралы мұрағат деректерін табыс етті.

02.09.2011 Төлен ТІЛЕУБАЙ
Тәртіпсіз ел болмайды

Алқалы жиында мемлекет басшысы тұп-тура 24 минут сөйледі. Ең алдымен, алғашқы жартыжылдықтағы жеткен жетістіктерімізді баяндады.