23 Ақпан 2012 | Четверг

Қоғам

17.02.2012 Дина Төлепбергенова
«Қарызым 4 миллиард рубльден асады»

Сергей Мавроди – Әлем бойынша ең ірі қаржы пирамидасын құрған Ресей Федерациясының азаматы. 1994 жылы пайда болған   «МММ» акционерлік қоғамының салымшылар саны 15 миллионнан асқан  деген дерек бар. Компаниядағылар халықтан келіп жатқан ақшаны, тіпті санап үлгере алмайтын жағдайға жеткен.

17.02.2012 Тоқтар Жақаш
Пай-пай, пираМММида! немесе Мавродидің «мәзһабы»

Сонау, Мәскеуде отырған Сергей Мавроди Алматыға жетті. Өзі емес, МММ-нің жарнамасы. Ұмытпасақ, 1997 жылы «ұлы комбинатордың» торына 20 миллионнан астам ресейлік түсіп, барынан айырылды. Тақырға отырған 50 адам өмірден түңіліп, өз-өзіне қол жұмсады.

10.02.2012 Срайыл Смайыл
Қоржыншы

Дулат ағамыз (Д.Исабеков) редакцияға хабарласты. «Қарғын» романы қалың оқырманның сұрауы бойынша қайта басылыпты. 10 мың данамен. «Құтты болсын!» дедік қазіргі кітаптардың там-тұм тиражбен шығып жатқанын еске түсіріп. «Бір кезде 24 мың данамен жарық көргенде баспаға ренжіп едік», – дейді жазушы. Сол күні қарымды қаламгер Мамытбек Қалдыбай келіп кеткен. Дінмұхамед Қонаев хақында деректі роман жазыпты. Баспа шығынын өзі көтерген. Таралымы – 450 дана.

10.02.2012 Елдос Өмірзақ, Шадияр Өстемірұлы
Алматының ағашы: To be, or not to be

Казгидрометтің 2011 жылғы бақылау нәтижелерінің қорытындысы бойынша, еліміздегі ең алып шаҺар әрі көркімен тәмам жұртты таңғалдырған Алматы еліміздегі ең лас қала атанды. Тіпті әлемдегі ең лас 25 қаланың тізіміне де енген. Сонымен, Алматының ауасын қалай тазартуға болады?

05.02.2012 Мұрат ӘБЕНОВ
Шіренген басшыдан ши шығар


«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік жолын салып жатқан жұмысшылар неге ереуілге шықты? Қарап отырсақ, соңғы кездегі жиілеп кеткен еңбек дауларының түпкі негізі бір. Мәселенің мәнісі жалғыз жалақыда ғана емес. Мысалы, Қызылордадағы әлеуметтік қатердің туындауына шетелдік компанияның жаңа менеджментінің негізсіз әрекеті себеп болған.

04.02.2012 Дүйсенбек Айбек, Тоқтар Жақаш
Тәлімнен тәрбие қашса...

Жақында Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы ең мәртебелі мектептің бірі – Гагарин атымен аталатын білім ұясының директоры Ақдариға Мыңжасарқызы Демешеваның қолына кісен салынды.

27.01.2012 Тоқтар Жақаш
«Соттаса – жұмыстан кетеміз!»

Жаңаөзенде тұрғындарға қатысты заң талаптарын бұзды деп айыпталған үш тәртіп сақшысының ісі тексеріліп бітіп қалды. Бірақ әріптестеріне жаны ашыған бір топ полиция қызметкері «Егер, әлгі үшеуін соттаса, біз де жұмыстан кетеміз» деп мәлімдеді. Бұл туралы Маңғыстау өңірінде шығатын «Лада» газеті хабарлайды. Аты-жөні белгісіз тәртіп сақшылары қалада берекесіздік орнаған кезде қару қолданған заңды деп есептейді екен. «Біз тек өзіміздің міндетімізді атқардық, – дейді полиция қызметкерлері.

27.01.2012 Тоқтар Жақаш
Ер – туған елiне, Попов – тойған жеріне

«Ридли Скоттың «Бөтен» фильмі есіңізде ме? 20 млн тонна кен тиеген «Ностромо» әуе кемесі зерттелмеген бейтаныс планетаға жақындайды. Күн жүйесінде оянуы тиіс астронавттар әлгі беймәлім планетадан компьютерге түскен белгіден оянып кетеді. Шытырман сюжеттің желісі дәл осы жерден шиеленісіп кете барады.

20.01.2012 Төлен ТІЛЕУБАЙ
Талғам мен таңдау немесе сайлаушының сауаты

2012 жылдың 15-ші қаңтары. Бұл күн тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихына кезектен тыс парламенттік сайлау өткен күн ретінде қашалып жазылды. Несін айтайық, бұл сайлауда да қазақстандықтарды қуантқан да, мұңайтқан да сәттер болды.  Қысқасын айтқанда, үкілі үміт пен күлбілтеленген күдіктің текетіресіне тағы куә болдық. Енді сайлау додасының екі-үш күндік оқиғаларына өзімізше сараптама жасап көрелік.

13.01.2012 Асқар Ақтілеу
«Табиғи байлық – байлық емес, бастысы – рухани байлық»

Жас қазақ: Елбасы бір сөзінде 2012 жылдың қиын болатынын меңзеді. Яғни Еуропада тағдыры қыл үстінде тұрған еуроның жағдайы, Грекия, Испания мемлекеттері қор нарығының тұрақсыздануы, тіпті банкроттыққа ұшырау қаупі әлемдік экономиканың тізгінін тежеді.